Қуат алып, би билеңіз: Қарағандының Орталық саябағындағы демалыс күндерінің афишасы

Қуат алып, би билеңіз: Қарағандының Орталық саябағындағы демалыс күндерінің афишасы

Алдағы демалыс күндері Қарағандының Орталық саябағында мазмұнды әрі белсенді өтпек. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін кез келген талғамға сай бағдарлама әзірленген: би кештері, спорттық жаттығулар, шеберлік сабақтары және ашық аспан астындағы концерт.

19 маусым, жұма күні, сағат 16:00-де барлық ниет білдірушілер дәстүрлі «Барлық дәуірдің билері» кешіне шақырылады.

20 маусым, сенбі күні таңертең йога жаттығуымен басталады. Сабақ сағат 07:00-де өтеді. Ал кешкі сағат 18:00-де саябақ алаңында жастарға арналған ашық аспан астындағы дискотека ұйымдастырылады.

Би өнерін сүйетіндер үшін сағат 19:00-де жағалауда бачата биінен тегін шеберлік сабағы өтеді. Оған дайындық деңгейіне қарамастан кез келген адам қатыса алады. Ең бастысы – музыка ырғағымен қозғалып, жақсы көңіл күй сыйлауға деген ниет.

21 маусым, жексенбі күні сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін Орталық саябақтың басты сахнасында Халықаралық йога күні атап өтіледі. Қатысушыларды түрлі тәжірибелік жаттығулар, тыныс алу техникасы мен таза ауадағы медитациялар күтеді.

Сағат 10:00-де қайың тоғайында Zumba жаттығуы басталады. Ұйымдастырушылар қатысушыларға ыңғайлы аяқ киім киіп, өздерімен бірге су алуды ұсынады.

Демалыс күндерінің бағдарламасын Виктор Цойды еске алуға арналған концерт қорытындылайды. Қарағандылық музыканттар «Кино» тобының танымал әндерін орындайды. Концерт сағат 18:00-де Орталық саябақтың басты сахнасында басталады.