
Қырғызстанда параармрестлингтен Азия чемпионаты өтіп, оған 21 елден 400-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Қарағанды облысының өкілдері де сәтті өнер көрсетіп, жоғары дайындық деңгейі мен спорттық шеберліктерін паш етті.

Павел Жензаков сол қолмен сынға түсу бәсекесінде алтын медаль жеңіп алып, оң қолмен күресте күміс жүлдегер атанды.

Ал Қайрат Тебаев сол қолмен күрес бойынша күміс медаль иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 15 медаль — 10 алтын және 5 күміс жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқарамасының ақпараты бойынша