
Қарағанды облысында 24 маусымда жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады. Еңбек ұтқырлығы орталығының хабарлауынша, құжаттарды 8 шілдеге дейін тапсыруға болады.
Грант көлемі 400 АЕК немесе 1 млн 730 мың теңгені құрайды. Қаражат өтеусіз негізде беріледі және өз ісін ашуға немесе дамытуға арналған. Қолдауды халықтың әлеуметтік осал топтарындағы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер пайдалана алады.
Мемлекеттік грант жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар, мүкәммал мен материалдар сатып алуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға және тұрақты табыс көзін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қосымша ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Карьерлік орталыққа хабарласуға болады.
Анықтама телефондары: +7-775-644-35-80, (8-7212) 60-50-50.