Қарағанды облысының қай мектептері еліміздегі үздік білім ордаларының қатарына енді

Қарағанды облысының қай мектептері еліміздегі үздік білім ордаларының қатарына енді

Қазақстанда олимпиадалық бағыттағы үздік мектептердің рейтингі анықталды. Рейтинг 2025–2026 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің нәтижелері негізінде жасалды. Тізімге ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген 114 білім беру ұйымы енгізілді. Олардың қатарында Қарағанды облысының бес мектебі бар.

Рейтинг арнайы бағалау жүйесі бойынша қалыптастырылды: алтын медаль – 3 балл, күміс медаль – 2 балл, қола медаль – 1 балл.

Қарағанды облысынан көшбасшылар қатарына мыналар енді:

Нығмет Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;

№ 1 «Білім-инновация» лицей-интернаты;

№ 2 «Білім-инновация» лицей-интернаты;

Қаныш Сәтбаев атындағы гимназия;

Жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Қарағандылық мектептердің жоғары нәтижелері педагогтердің жүйелі еңбегі мен оқушылардың елдегі ең беделді зияткерлік білім сайысындағы табысты өнер көрсетуінің жемісі болды. Өңір оқушылары түрлі жалпы білім беретін пәндер бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп, дайындық деңгейінің биіктігі мен білім сапасының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.