Астана – Балқаш – Астана әуе рейсіне билеттер сатылымы ашылды

Астана – Балқаш – Астана әуе рейсіне билеттер сатылымы ашылды

Vietjet Qazaqstan (Qazaq Air) әуе компаниясы 20 мамырдан бастап Астана – Балқаш – Астана бағыты бойынша ішкі әуе рейсіне билеттер сатылымын ашты.

Рейстер 86 жолаушыға дейін сыятын Bombardier Q400 әуе кемесімен орындалады.

Билеттерді Vietjet Qazaqstan әуе компаниясының ресми сайтынан, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ әуе билеттерін онлайн брондау сервистерінен сатып алуға болады.