
Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Қарағандылық спортшы Артём Антропов 110 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды және елдің үш бірдей рекордын жаңартты — жұлқа көтеруде, серпе көтеруде және қос сайыс қорытындысы бойынша.

Жұлқып көтеруде Артём Антропов 175 келіні еңсерсе, серпе көтеруде 230 келіні бағындырды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша оның жалпы нәтижесі 405 келіні құрады.

Еске салсақ, 2024 жылы Артём Антропов 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған болатын.
Спортшының жаттықтырушысы – Иван Снегуров.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша