Қарағанды саябақтары мен гүлзарларында кенелер мен жәндіктерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі

Қарағанды саябақтары мен гүлзарларында кенелер мен жәндіктерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі

16–19 мамыр аралығында Қарағандыда саябақтар, гүлзарлар және демалыс аймақтары кенелерден, жәндіктерден және жасыл желектердің зиянкестерінен өңделеді. Жұмыстар күн сайын түнгі сағат 02:00-ден 06:00-ге дейін жүргізіледі.

Қала тұрғындарынан сақтық шараларын сақтап, көрсетілген уақытта өңдеу жүргізілген аумақтарда серуендемеуін сұрайды.

Өңдеу жұмыстарының кестесі:

— 16 мамыр — Оңтүстік-Шығыс, Федоров су қоймасы және қалалық жағажай;

— 17–18 мамыр — қала орталығы мен Пришахтинск;

— 19 мамыр — Майқұдық және Сұрыптау.

Өңдеу жұмыстары санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасыл желектерді зиянкестерден қорғау мақсатында жүргізілуде.