Бизнестегі әйелдер: Қарағандыда трендтер мен мемлекеттік қолдау талқыланды

Бизнестегі әйелдер: Қарағандыда трендтер мен мемлекеттік қолдау талқыланды

Қарағандыда 300-ден астам кәсіпкерді, сарапшыларды және бизнесті қолдау институттарының өкілдерін біріктірген «ӘЙЕЛ ЖӘНЕ БИЗНЕС» форумы өтті. Қатысушылар 2026 жылдың негізгі трендтерін — жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық трансформация, мемлекеттік қолдау шаралары мен әйелдер кәсіпкерлігінің болашағын талқылады.

— Бүгінде әйелдер кәсіпкерлігі ел экономикасының толыққанды бір бөлігіне айналды. Осындай алаңдар жаңа мүмкіндіктер табуға және тәжірибе алмасуға жол ашады, — деді «Атамекен»Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігі комитетінің төрайымы Лейла Күленова форум қатысушыларын құттықтап.

Достық үйінде өткен жиында «Атамекен»Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры, кәсіпкерлік басқармасы және Еңбек мобильділігі орталығының өкілдері сөз сөйледі. Сарапшылар жеңілдетілген несие беру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, 5 миллион теңгеге дейінгі гранттар мен жұмыспен қамтуды қолдау құралдары туралы баяндады.

Форум аясында заманауи бизнес құралдарына арналған арнайы бөлім ұйымдастырылды.

Спикерлер маркетингтегі өзгерістерді, қызмет көрсетуді жекелендіру тәсілдерін және шағын бизнестегі үдерістерді автоматтандыру үшін AI-агенттерді енгізу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ форумда өңір кәсіпкер әйелдерінің табыс тарихтары айтылды. 

Олардың қатарында жекеменшік балабақша ашқан кәсіпкерлер, «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері және халықаралық нарыққа шығып жатқан бренд иелері бар.