Спорт пен шығармашылық: Қарағандының Орталық саябағындағы демалыс күндерінің және өзге де шаралардың афишасы

Спорт пен шығармашылық: Қарағандының Орталық саябағындағы демалыс күндерінің және өзге де шаралардың афишасы

Мамыр айының екінші жартысы қарағандылықтар үшін мазмұнды іс-шараларға толы болмақ. Қаланың Орталық мәдениет және демалыс саябағында фестивальдер, шеберлік сабақтары, көрмелер мен спорттық шаралар өтеді.

Бүгін, 15 мамыр күні, сағат 18:00-де саябақтың басты сахнасында демалыс күндеріне арналған концерттік бағдарлама басталады. Ал 19:00-де «Ел аналары мен аяулы қыздар күні» атты мерекелік концерт өтеді.

Сенбі, 16 мамыр күні, сағат 16:00-де қала тұрғындары дәстүрлі «Барлық дәуір билері» бағдарламасына шақырылады. Бағдарлама екі сағатқа созылады.

Жексенбі, 17 мамыр күні, саябақта Отбасы күні аталып өтеді. Сағат 12:00-де басты сахна маңында Сая Әбелдинованың тегін макияж жасау бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында көрермендердің көз алдында модельдің толық өзгеруі көрсетіліп, сыйлықтар мен сертификаттар ойнатылады, сондай-ақ концерттік бағдарлама ұсынылады.

Осы күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін қала тұрғындары үшін қайтадан «Барлық дәуір билері» ұйымдастырылады.

Сәрсенбі, 20 мамыр күні, сағат 14:00-де ауқымды ЮНЕСКО фестивалі өтеді. Одан кейін 17:30-да ауыл жастарына арналған «Жасанды интеллект» форумы ұйымдастырылады.

Жұма, 22 мамыр күні, сағат 10:00-де «НаТворим» арт-мектебі тәрбиеленушілерінің жұмыстарының көрмесі ашылады.

Сағат 11:00-де саябақта «Жас құтқарушы» байқауы басталады.

Жексенбі, 23 мамыр күні, сағат 09:00-де Төтенше жағдайлар департаментінің қайырымдылық жүгірісі өтеді. Бұл — Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысатын жыл сайынғы шара.

Сағат 17:00-де басты сахнада Қарағандыдағы Zumba бағдарламасының 25 жылдығына арналған ZumbaKrgFest-2026 фестивалі басталады. Бағдарламада нұсқаушылардың көрсетілімдері, барлық қатысушыларға арналған жаппай зумба, интерактивті байқаулар, жүлделер мен сыйлықтардың ұтыс ойындары өтеді.