
15 мамыр күні Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының Консультативтік-диагностикалық орталығында Артериялық гипертониямен күрес жөніндегі дүниежүзілік күнге орай Ашық есік күні өтеді.
Қала тұрғындары кардиолог пен нефрологтың тегін кеңесін ала алады. Қабылдау жолдамасыз жүргізіледі.
Мамандардың айтуынша, артериялық гипертония көп жағдайда симптомсыз дамиды. Алайда ол инфаркт, инсульт және бүйрек ауруларының негізгі қауіп факторларының бірі саналады. Уақтылы тексеруден өту дертті ерте кезеңде анықтап, ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қабылдау сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін С. Сейфуллин даңғылы, 17 мекенжайындағы Консультативтік-диагностикалық орталықта өтеді.