Қарағандылықтарға Михаил Врубельдің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып береді

Қарағандылықтарға Михаил Врубельдің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып береді

Қарағандыдағы Н. В. Гоголь атындағы кітапханада ұлы суретші Михаил Врубельге арналған арт-сағат өтеді. Іс-шара қылқалам шеберінің туғанына 170 жыл толуына орай ұйымдастырылады.

«Врубель: арман мен тұңғиық бояулары» атты арт-сағат бағдарламасы суретшінің өмірі туралы қысқаша әңгімеден басталады. Кейін Врубельдің шығармалары жайында суретші Елена Кондратьева баяндап береді.

Көрермендер үшін шағын кино-көрсетілім де әзірленген. Арт-сағат қонақтары сарапшылармен бірге өнертанушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, еңбек сіңірген профессор Лариса Золотарёваның бейнедәрісінен үзінді тамашалайды.

Кітапхана қызметкерлері «Врубель: арман мен тұңғиық бояулары» атты кітап көрмесін дайындайды. Экспозицияға суретшінің шығармашылығы мен өмірбаянына арналған кітаптар енеді.

Арт-сағат интерактивті ойынмен қорытындыланады. Қонақтар Михаил Врубельдің ең танымал туындыларының желісі бойынша пазлдар құрастырады.

Арт-сағат 14 мамыр күні сағат 14:00-де Н. В. Гоголь атындағы кітапханада өтеді. Мекенжайы: Ерубаев көшесі, 44.