Қарағандыдағы «Шалқыма» сахнасында Паганини мен Чайковскийдің шығармалары шырқалады

Қарағандыдағы «Шалқыма» сахнасында Паганини мен Чайковскийдің шығармалары шырқалады

«Шалқыма» концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді. Музыка сүйер қауымды 16 мамыр күні сағат 17:00-де өтетін әуенді кешке шақырады.

Кеш бағдарламасында Никколо Паганинидің скрипка мен оркестрге арналған №1 ре мажор концерті және Пётр Чайковскийдің си минордағы №6 «Патетикалық» симфониясы орындалады.

Солист — халықаралық байқаулардың лауреаты Сағадат Омарғазин (скрипка, Астана). Ол 2024 жылы Австрияда өткен скрипкашылардың XIX халықаралық байқауында жеңімпаз атанған.

Дирижёрлік тізгінді Айдар Торыбаев ұстайды.

Концерт Костенко көшесі, 7 мекенжайында өтеді. Кеш жүргізушісі — Людмила Гольская.

Қосымша ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы алуға болады: 41-22-28, 42-54-72, 41-22-36.