Жазда Қарағанды – Балқаш бағытына қосымша пойыз іске қосылады

Жазда Қарағанды – Балқаш бағытына қосымша пойыз іске қосылады

Жаз маусымының басталуымен Қарағанды өңіріндегі ең танымал туристік бағыттардың бірі – Балқаш көліне қатынайтын көлік қатынасы кеңейтіледі. 1 маусымнан бастап Қарағанды – Балқаш бағыты бойынша №220/219 қосымша жолаушылар пойызы қатынай бастайды.

Бұл шешім жаз мезгілінде жолаушылар ағынының дәстүрлі түрде артуы ескеріле отырып қабылданған.

Жаңа пойыз күнара, яғни тақ күндері жолға шығады. Құрамында алты вагон қарастырылған: екі купе және төрт плацкарт вагоны. Бұл жолаушыларға қолайлы әрі қолжетімді сапар мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Теміржол қатынасымен қатар, жаз айларында Балқашқа әуе рейстері де. Маусымнан тамызға дейін Алматы – Балқаш – Алматы және Астана – Балқаш – Астана бағыттары бойынша тікелей субсидияланатын рейстер іске қосылады.

Облыстық туризм басқармасында атап өткендей, теміржол және әуе қатынасының дамуы Балқаш көлінің жағалауына қолжетімділікті арттыруға және туристер үшін жайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.