
Қарағанды облысындағы Қарағанды – Аягөз – Бұғаз тас жолының учаскесінде ерекше, ашық қызыл түсті жол таңбасы пайда болды. Ол жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында тәжірибелік түрде жасалды.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, пилоттық жобаны облыстық филиал әкімшілік полициямен бірлесіп жүзеге асырған. Тестілеу үшін бұл учаскенің кездейсоқ таңдалмағаны атап өтілді: республикалық маңызы бар Қарағанды – Аягөз – Бұғаз автожолының 85–86 шақырымы апат жиі болатын қауіпті аймақтардың бірі болып саналады.
Қызыл түсті таңбалау жолдың жүріс бөлігінің шекарасын айқынырақ көрсетіп, әсіресе тәуекел жоғары жағдайларда жүргізушілердің назарын қосымша аударуға тиіс.
Мамандар жаңашылдықтың тиімділігін бағалайды. Егер тәжірибе нәтижелері оң болса, мұндай тәсілді республикалық маңызы бар өзге де жол учаскелерінде қолдану жоспарлануда.
Фото: АҚ «ҰК «ҚазАвтоЖол»