
Жеңіс күніне орай Қарағандыда қоғамдық көлік безендірілді. Қалалық маршруттарға мерекелік безендірілген жеті автобус шықты.
№ 3 автопаркте қаладағы мерекелік ахуалды қолдау үшін маңызды даталарға көлікті әшекейлеу дәстүрге айналды.

Мерекелік автобустар № 1, 5, 40, 53, 118, 122 және 146 маршруттар бойынша жүреді. Олар Жеңіс күнінің рәмізімен безендірілді: жиектерінде бейбіт аспан, Ұлы Отан соғысының қатысушыларын еске алу және құрметтеу белгісі – көгілдір «Жеңіс лентасы» орналасқан. Сондай-ақ автобустарда айшықты «9» саны бейнеленген.