7 мамыр – Отан қорғаушылар күні: Қарағандыдағы іс-шаралар афишасы

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні: Қарағандыдағы іс-шаралар афишасы

Қарағанды облысында Отан қорғаушылар күніне орай әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдары мен құтқару қызметтерінің қызметкерлерін құрметтеуге бағытталған іс-шаралар кешені жоспарланған. «Астана» және «Орталық» өңірлік қолбасшылықтарының әскери бөлімдерінде жастар мен жоғары сынып оқушылары үшін ашық есік күндері өтеді. Қонақтар қызмет жағдайымен таныстырылады, экскурсиялар мен танымдық кездесулер өткізіледі.

Сонымен қатар, өңірде «Отанды қорғау – ар-намыс ісі» ұранымен әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтеді.

Қарағандыда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шаралар қаланың бірнеше алаңдарында өтеді.

Орталық саябақ

12:00 – ҚР 31775 әскери бөлімінің «Астана» оркестрі, «Сарыарқа» квартеті.

13:00 – Қали Байжанов атындағы КҰ «Арай» ансамблі.

14:00 – Саран үрмелі оркестрі.

14:30 – Теміржолшылар мәдениет сарайының үрмелі аспаптар оркестрі.

Теміржолшылардың мәдениет сарайы

12:00 – «Батырлық рухы» мерекелік бағдарламасы.

Жаңа Майқұдық мәдениет үйі

12:00 – «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» концерттік бағдарламасы.

«Молодежный» мәдениет үйі

10:00 – «Ерлік пен өнеге» патриоттық әндер байқауы.