Қарағандыда 25 сәуірде кезекті ауыл шаруашылығы шағын жәрмеңкелері өтеді

Қарағандыда 25 сәуірде кезекті ауыл шаруашылығы шағын жәрмеңкелері өтеді

Қарағанды тұрғындары мен қала қонақтарын 25 сәуір күні жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы шағын жәрмеңкелеріне шақырады. Сауда 09:00-де басталады.

Сатып алушылар ауыл шаруашылығы өнімдерін, ет және сүт өнімдерін орташа нарықтық құннан төмен бағамен, сондай-ақ облыс өндірушілерінің тауарларын сатып ала алады.

Жәрмеңкелер бірнеше алаңда ұйымдастырылады:

* «Global City» СОО (134-есептік квартал, 921-учаске);

* Майқұдық — «Ұмай» СҮ (Карл Маркс көшесі, 9);

* Пришахтинск — «Жастар» МҮ (Металлистер көшесі, 24/2).