Creative Start: Қарағанды облысының жасөспірімдеріне арналған креативті индустриялар бойынша білім беру бағдарламасы басталады

Creative Start: Қарағанды облысының жасөспірімдеріне арналған креативті индустриялар бойынша білім беру бағдарламасы басталады

Қарағанды облысында 14–18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған 8 апталық Creative Start инкубаторы іске қосылады. Бағдарлама креативті индустриялар саласындағы жобаларды дамытуға бағытталған және қатысушыларға менторлар және салалық сарапшылармен жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынады.

Қатысушылар бес бағыттың бірін таңдай алады: ойын әзірлеу (GameDev), мобильді бейне-контент жасау (Mobile Video), AI-анимация, баспа жобалары мен комикстер (Publishing & Comics), сондай-ақ музыка және битмейкинг (Music & Beatmaking).

Білім беру бөлімі алты модульден тұрады. Олар дизайн-ойлау, жобаларды әзірлеу және жеке тиімділік тақырыптарын қамтиды. Бағдарлама барысында сарапшылармен спринттер өткізіліп, қатысушылар өз жобаларын әзірлейді.

Қорытынды кезең — Қарағандыда өтетін Demo Day, онда қатысушылар өз жобаларын таныстырады. Жүлде қоры 3 млн теңгені құрайды. Бағдарлама соңында сертификат табысталып, оқу материалдарына қолжетімділік беріледі.

Өткізу мерзімдері:

– 24 сәуірге дейін — өтінімдерді қабылдау;

– 24 сәуір — онлайн-буткемп (бағдарламаның басталуы);

– 25 сәуір – 30 мамыр — негізгі кезең (сарапшылармен спринттер);

– 6 маусым — Demo Day.

Бағдарламаға қатысу тегін. Ауылдық жерлердегі, аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдерге және балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне басымдық беріледі.

Бағдарлама Cummins Inc. және «Аяла» қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылады.

Тіркелу CreativeStart.kz сайтында: https://creative-start.kz/.