Қарағанды облысында жаңа спорт нысандары салынуда

Қарағанды облысында жаңа спорт нысандары салынуда

Қарағанды облысында спорт инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Өңірдің қала-аудандарында бұқаралық спортты өркендету мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бассейндер, стадиондар және дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып, жаңғыртылуда.

Саран қаласында жаңа спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Онда күніне 700-ге дейін адам жаттыға алады. Кешен жыл бойы жұмыс істеп, жаңадан бастаушыларға да, тәжірибелі спортшыларға да жекпе-жек түрлерімен және функционалдық жаттығулармен айналысуға мүмкіндік береді.

Бұл нысан бір қабатты, жалпы аумағы 1850 шаршы метрден асады. Ғимараттың басым бөлігі спорт залдарына арналған. Мұнда күрес, ММА, бокс және каратэмен айналысуға болады, сондай-ақ жаттығу залы үшін жеке бөлме қарастырылған.

Ғимарат жеңіл конструкциялардан тұрғызылуда, бүгінде негізгі элементтері құрастырылып, инженерлік желілер тартылған.

Ақтас кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуға жақын — қазір әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақтоғай ауылында стадионды қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Мұнда инфрақұрылымның жекелеген элементтері орнатылып, инженерлік желілер жүргізілді.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында өңірде төрт жоба жүзеге асырылуда.

Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентінде 100 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, енді ішкі әрлеу мен аумақты абаттандыру жұмыстары қалды.

Ұқсас нысан Көктас ауылында да пайдалануға берілуге жақын. Мұнда негізгі құрылыс-монтаж және сыртқы жұмыстар аяқталып, инженерлік желілер тартылған, аумақ абаттандырылған. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, жиһаз бен спорттық құрал-жабдықтарға тапсырыс берілген.

Бұқар жырау ауданының Күшоқы кентінде де дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Қазіргі уақытта жұмыстардың шамамен төрттен бірі орындалған.

Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында жүзу бассейні бой көтеріп жатыр.

Ірі жобалар облыс орталығында да жүзеге асырылуда. Қарағандыда 10 гектар аумақта орналасатын «Шахтёр» футбол академиясының құрылысы жүргізілуде. Жоба аясында әкімшілік және жаттығу корпустары, стадиондар мен жабық манеж салу қарастырылған.

Тағы бір маңызды жоба — «Шахтёр» стадионын қайта жаңғырту және инфрақұрылымды жаңарту. 

Мамыр айында жасанды газон төсеу басталады, ал жазда жаңа жарықтандыру жүйесін орнату, жүгіру жолдарына тартан жабынын төсеу, дыбыс құрылғыларын және трибуналар үстіне шатырлар орнату, сондай-ақ кіреберіс топтарды жөндеу мен көрермен орындықтарын ауыстыру жоспарланған.

А в микрорайоне «Кунгей» строят спортивный комплекс. На сегодняшний день собирают каркас здания — ведётся монтаж металлоконструкций.

Кроме того, в спортивных школах региона запланированы текущие ремонты. Они включают ремонт фасадов и кровли, замену покрытий, модернизацию систем безопасности и обновление инженерных сетей. Будет проведён ремонт здания легкоатлетического манежа в Караганде, лагеря «Бригантина» и бассейна в Сарани.

В настоящее время в Карагандинской области работает 1381 спортивное сооружение, из них 330 — в сельской местности.

«Күнгей» шағынауданында да спорт кешені салынып жатыр. Қазіргі таңда ғимараттың қаңқасы құрастырылып, металл конструкцияларды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар өңірдегі спорт мектептерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Олар фасад пен шатырды жөндеуді, жабындарды ауыстыруды, қауіпсіздік жүйелерін жаңғыртуды және инженерлік желілерді жаңартуды қамтиды. Қарағандыдағы жеңіл атлетика манежіне, «Бригантина» лагеріне және Саран қаласындағы бассейнге жөндеу жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 1381 спорт нысаны жұмыс істейді, оның 330-ы ауылдық жерлерде орналасқан.