
Қарағандыда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қаланың орталығында, Назарбаев даңғылы, 32 мекенжайында жаңа жылдамдық өлшегіш орнатылып, 16 сәуірден бастап іске қосылды.
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған учаскеде рұқсат етілген жылдамдық — сағатына 40 шақырым. Жүргізушілерден белгіленген талаптарды сақтап, айыппұлдардан аулақ болу және жолда қауіпті жағдайлар туғызбау сұралады.