Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында көктемгі көрмелер ашылады: дәстүр мен заманауи ізденіс тоғысы

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында көктемгі көрмелер ашылады: дәстүр мен заманауи ізденіс тоғысы

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында 17 сәуір күні сағат 16:00-де Қарағанды суретшілер одағының облыс құрылғанына 90 жыл толуына арналған дәстүрлі көктемгі көрмесі салтанатты түрде ашылады.

Көрме экспозициясы танымал қылқалам шеберлерінің таңдаулы туындыларын біріктіреді. Бұл еңбектерде адамзатқа ортақ мәңгілік құндылықтар, өмір мен болмыс туралы терең философиялық пайымдар көрініс тапқан. Картиналарда тарих тақырыбы, күнделікті тіршілік көріністері мен халық аныздары сарындары кеңінен өріліп, көркемдік тұрғыдан жаңа қырынан зерделенеді. Экспозиция соңғы бір жыл ішіндегі қарағандылық суретшілердің шығармашылық ізденістерінің қорытындысын ұсынып, кескіндеме, графика және ассамбаж бағыттарындағы жұмыстарды қамтиды.

Сол күні «Өнерге көрермен керек» атты тағы бір көрме өз есігін айқара ашады. Бұл жобаға Қарағанды қаласынан 12 жас суретші қыз қатысып, барлығы 58 туындысын көпшілік назарына ұсынады. Көрме тақырыптық шектеусіз форматта ұйымдастырылып, жас авторлардың еркін шығармашылық ізденісін айқын көрсетеді.

Екі көрме де 26 сәуірге дейін көрермендер үшін ашық болады.