
Қарағанды тұрғындары мен қала қонақтарын орган музыкасы концерттеріне шақырады. Бағдарламада Италия, Испания, Германия, Ресей және Қазақстаннан келетін музыканттардың өнері ұсынылады.
Барлық концерттер Шахтёрлер даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан Қасиетті Дева Мария Фатимская, барлық халықтардың Анасы кафедралды соборында өтеді.
Кіру тегін.

Маусымның алғашқы концерті 26 сәуір күні сағат 15:00-де өтеді. Көрермендер алдында астаналық органшы Әсел Смағұлова өнер көрсетеді.
24 мамыр күні сағат 15:00-де қарағандылықтарды Мәскеуден келетін Марина Омельченконың концертіне шақырады.
14 маусым күні сағат 15:00-де Әсел Смағұлова мен флейташы Александра Данилованың бірлескен концерті өтеді. Мәтінді оқитын — Даляль Ли.
5 шілде күні сағат 15:00-де Қарағандыда Рим қаласынан келетін музыкант Стефано Паолоцци өнер көрсетеді.
19 шілде күні сағат 15:00-де кафедралды соборда астаналық Салтанат Әбілханова концерт береді.
16 тамыз күні сағат 15:00-де кеншілер астанасының тұрғындары мен қонақтары үшін Испаниядан келетін музыкант Хесус Сампедро Маркес өнер көрсетеді.
Маусымның қорытынды концерті 13 қыркүйек күні сағат 15:00-де өтеді. Органда Германиядан келетін Винсент де Пол ойнайды.