
14 сәуір күні «Террикон алқабы» IT-hub алаңында заманауи технологиялардың көмегімен жөндеу жұмыстарын тиімді басқаруға арналған ашық лекция өтеді. Қатысушылар цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект негізіндегі құралдарды пайдалану арқылы артық шығындардың алдын алып, жөндеу процесін толық бақылауға алудың жолдарын меңгереді.
Лекция спикерлері — Smetahub компаниясының CEO-сы Тимур Дүрмағамбетов және SmetaHub компаниясының интерьер дизайнері Валерия Бикмулина. Сарапшылар жөндеуді жоспарлау мен жүзеге асырудың практикалық тәсілдерімен бөліседі — жобаны әзірлеуден бастап барлық жұмыс кезеңдерін бақылауға дейін.
Лекция барысында мына мәселелер қарастырылады:
- тапсырмаларды, мердігерлерді және жөндеу кезеңдерін нақты уақыт режимінде қалай бақылауға болады;
- технологиялардың көмегімен бюджетті дәл есептеп, жасырын шығындардан қалай құтылуға болады;
- жобаға қатысты барлық деректерді бірыңғай цифрлық кеңістікте қалай ұйымдастыруға болады.
Лекция жөндеуді енді жоспарлап жүргендерге немесе бастап қойғандарға, сондай-ақ құрылыс пен дизайн саласында жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды қолдануға қызығушылық танытатын мамандарға пайдалы болады.
Қатысу тегін, алдын ала @terriconvalley профилінің сипаттамасындағы сілтеме арқылы тіркелу қажет.
Қашан: басталуы сағат 18:30-да.
Қайда: «Террикон алқабы» IT-hub-та, Алалыкин көшесі, 12.
Формат: офлайн / онлайн.