Қарағанды – Жезқазған автожолының бір бөлігінде жөндеу жұмыстары басталды

Қарағанды – Жезқазған автожолының бір бөлігінде жөндеу жұмыстары басталды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды – Жезқазған автожолының 4-шақырымында (Қарағанды мен Ақтас аралығында) ағымдағы жөндеу жұмыстарының басталғанын хабарлады. Жоба аясында асфальтбетон жабынын қайта төсеу қарастырылған.

«Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жол қозғалысына қатысушылар үшін уақытша қолайсыздықтар туындауы мүмкін. Жүргізушілерден жол қауіпсіздігін арттыруға және жол жабынының сапасын жақсартуға бағытталған бұл шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады.