Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті талапкерлерді Ашық есік күніне шақырады

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті талапкерлерді Ашық есік күніне шақырады

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде 10 сәуір күні болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналарына арналған Ашық есік күні өтеді. Қонақтарды Университетская көшесі, 28 мекенжайындағы Студенттер сарайында күтеді. Іс-шараның басталуы — сағат 10:00-де.

Ашық есік күні барысында қатысушылар университеттің факультеттері мен білім беру бағдарламалары туралы біле алады, қабылдау ережелері, оқу шарттары және студенттік өмір жайлы толық ақпарат алады. Кафедра өкілдері оқу үдерісінің ерекшеліктері мен еңбекке орналасу мүмкіндіктері туралы айтып, келушілердің сұрақтарына жауап береді.

Сондай-ақ талапкерлер студенттермен және оқытушылармен тікелей тілдесіп, университет өмірі туралы кеңірек мағлұмат алуға мүмкіндік алады.