Қарағандылықтарға балалар футболы туралы мурал жасау ұсынылды

Қарағандылықтарға балалар футболы туралы мурал жасау ұсынылды

Қарағандыда ALGA! жобасы аясында мурал эскизін әзірлеуге арналған конкурс жарияланды — жаңа стрит-арт нысаны «Орбита» шағын ауданы, 41-үйдің қасбетінде пайда болады.

Ұйымдастырушылар — Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы, «Қарағанды облысының футболы» корпоративтік қоры және Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі. Қатысушыларға балалар және мектеп футболы тақырыбын ашу, спорттың, командалық ойынның және белсенді балалық шақтың маңызын көрсету ұсынылады. Сонымен қатар жұмыс позитивті әрі әлеуметтік мәні бар мазмұнға ие болуы тиіс.

Композицияның ерекшелігі — мурал көршілес екі үйдің қасбетіне орналастырылады. Сондықтан эскиз біртұтас көркем туынды ретінде, ашылған кітап іспетті қабылдануы қажет. Әр қабырға композицияның дербес бөлігі бола отырып, бір мезетте балалар футболымен байланысты ортақ сюжетті қалыптастыруы тиіс.

Міндетті талаптардың қатарында жоба серіктестері мен Қарағанды облысының логотиптерін пайдалану қарастырылған:

* Freedom Holding Corp.

https://drive.google.com/file/d/1_WsOHsHexjP4NUpMTlXirH4geLT3NNns/view?usp=sharing

* Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы (QOFA) https://drive.google.com/file/d/1ZRQRbbpGjZQx8dEvNi0JeXtVfQ-SSrt9/view?usp=sharing

* ALGA! жобасы https://drive.google.com/file/d/1YmllpDEA2PF9brDSGtfmhT1KFpjE2eLG/view?usp=sharing

* Қарағанды облысы (ресми елтаңба) https://drive.google.com/file/d/1HS1Lxi7zJ1VLhq2H-uc-yphgEg7T1BxC/view?usp=sharing

Барлық элементтер көркем шешімге үйлесімді енгізілуі қажет. Сондай-ақ футболға тән танымал белгілер — доп, қақпа, алаң немесе спорттық жабдықтар міндетті түрде қарастырылуы тиіс.

Орындау стилі еркін, бастысы — бейне ғимараттың үлкен қасбетінде үйлесімді көрініп, Республика даңғылының жүріс бөлігінен анық оқылатындай болуы керек.

Жұмыстар JPG, PNG немесе PDF форматтарында жоғары ажыратымдылықта қабылданады. Эскизге идеяның қысқаша сипаттамасын қоса тіркеп, қатысушының байланыс деректерін көрсету қажет. Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі — 23 сәуір. Қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия ұсынылған эскиздерді қарап, қорытындысын 28 сәуірден кешіктірмей жариялау жоспарланып отыр.

Конкурс жеңімпазы өз жобасын қалада жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болып, мурал авторы ретінде көрсетіледі және 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алады.

Екінші және үшінші орын алған жүлдегерлер серіктестер атынан естелік сыйлықтармен марапатталады.

Жұмыстар social@qofa.kz электрондық поштасына «Мурал эскизіне конкурс» деген белгімен қабылданады. Қосымша ақпаратты +7-775-328-71-06 телефоны арқылы алуға болады.