
Қарағандыдан Маңғыстау облысына енді ауысып мінбей-ақ жетуге болады — тікелей жолаушылар пойызы іске қосылды. Жаңа бағыт Қарағанды – Жезқазған желісінің жалғасы болып табылады және өңірлерді өзара байланыстырады. Алғашқы рейс Маңғыстау станциясына жетіп, жергілікті жұртшылық салтанатты түрде қарсы алды.
Жол жүру уақыты шамамен 41 сағатты құрайды. Пойыз Маңғыстауға тақ күндері сағат 12:08-де келіп, кері бағытта 14:34-те жолға шығады.
Билет құны: купе — 22 123 теңге, плацкарт — 14 467 теңге.
Қазіргі уақытта пойыз құрамында сегіз вагон бар, алдағы уақытта олардың санын онға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Жаңа бағыт жолаушылар үшін сапарды жеңілдетіп қана қоймай, ішкі туризмнің дамуына және өңіраралық байланыстың нығаюына ықпал етпек.