Қарағанды облысында абаттандыру бойынша екі айлық басталады

Қарағанды облысында абаттандыру бойынша екі айлық басталады

4 сәуірде Қарағанды облысында сенбілік өтеді. Оған барлық тұрғындарды қатысуға шақырады.

Өңір қалалары мен аудандарында сыртқы келбетті жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 4 сәуірден бастап абаттандыру, санитарлық тазалау, көгалдандыру жұмыстары бойынша екі айлық басталады.

Облыс тұрғындары, сондай-ақ ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, мемлекеттік және жекеменшік мекемелер өздеріне тиесілі аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге шақырылады.