
Қарағанды облысының дарынды жастары өздерінің шығармашылық және зияткерлік бастамаларын дамыту үшін қолдау ала алады. Өңірде Jas Fund жобасы аясында қаржылай көмек алуға өтінімдер қабылдануда.
Биыл жобаның жалпы бюджеті 12 миллион теңгені құрайды. Бір қатысушыға берілетін қолдау көлемі 100 АЕК-ке дейін, яғни 432 500 теңгеге дейін жетеді. Қаражатты республикалық және халықаралық байқауларға, олимпиадаларға, көрмелерге қатысуға, сондай-ақ жеке шығармашылық, зияткерлік және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға бағыттауға болады.
Өтінімдерді 14 пен 34 жас аралығындағы (қоса алғанда) шығармашылық ұжымдар, бірлестіктер, бастамашыл топтар және жеке тұлғалар тапсыра алады. Жоба өңірдің талантты жастарының әлеуетін дамытуға, сондай-ақ клубтар мен қауымдастықтарды қолдауға бағытталған.
Барлық өтінімдерді арнайы комиссия қарап, шешімді дауыс беру арқылы қабылдайды.
Қатысу үшін жеке куәлік, жоба тұжырымдамасы және шығындар сметасын ұсыну қажет.
Өтінімдер Saryarqa Jastary порталы арқылы, сондай-ақ +7-775-987-43-16, +7-778-595-30-79 байланыс нөмірлері арқылы қабылданады.