Қарағандылық жас оқырмандарды «Аруна» баспасының кітап жәрмеңкесі мен шеберлік сабағына шақырады

Қарағандылық жас оқырмандарды «Аруна» баспасының кітап жәрмеңкесі мен шеберлік сабағына шақырады

Қарағанды облыстық Абай атындағы балалар кітапханасында «Аруна» баспасының өкілдерімен кездесу өтеді. Іс-шара ойын-сауық пен шығармашылыққа толы болмақ: қонақтарды алып қуыршақтар шоуы, шеберлік сабағы және кітап жәрмеңкесі күтеді.

Кездесуге қатысатын жасөспірімдер уақыттарын көңілді өткізіп қана қоймай, жаңа дүниелерді үйренуге мүмкіндік алады — олар үшін оригами бойынша шығармашылық шеберлік сабағы ұйымдастырылады.

— Бұл оригами жасаудың сабағы болады. Әрбір бала қағаздан фигура жасап, оны іс-шара барысында таңдаған кітабындағы оқиғамен байланыстырады, — деді кітапхана басшысы Баян Уатаева.

Сонымен қатар балалар «Аруна» баспасының түрлі әдебиеттерімен танысады. Көрмеде энциклопедиялар, халық ертегілерінің жинақтары және қазақ және орыс тілдеріндегі көркем шығармалар ұсынылады. Танымал сериялардың қатарында «Почемучка», «Қазақстан аңыздары», «Обучалки / Мизам», «Сен білесің бе?», «Балақай», «Халық ертегілері», «Буын бойынша» баспа өнімдері бар.

Іс-шараның шарықтау шегі — кітап жәрмеңкесі болмақ. Онда қонақтар баспа өнімдерімен жақынырақ танысып, өздеріне ұнаған кітаптарды таңдай алады.

Кездесу 30 наурыз күні сағат 12:00-де Бұқар жырау даңғылы, 30 мекенжайында өтеді. Кіру — барлық ниет білдірушілер үшін тегін.