Қарағанды облысында екі айда 846,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Қарағанды облысында екі айда 846,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Қарағанды облысы экономикасының тұрақты өсімі сақталуда. Қаңтар–ақпан айларының қорытындысы бойынша өңірде 846,4 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға артқан. Сонымен қатар өңдеуші секторда да тұрақты даму үрдісі жалғасып отыр.

Есепті кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 75,4 млрд теңгені құрап, 2,1%-ға өскен.

Ауыл шаруашылығы, сауда және көлік салаларында да оң динамика байқалады.

Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ақпараты бойынша