Қарағандылық футболшы Глеб Макридов «Атлетико» Мадрид клубына тағылымдамадан өтуге шақырылды

Қарағандылық футболшы Глеб Макридов «Атлетико» Мадрид клубына тағылымдамадан өтуге шақырылды

Қарағандының «Шахтёр» клубының жартылай қорғаушысы Глеб Макридов Мадридтің «Атлетико» командасына қаралымға шақырту алды. Бұл сапар оның Freedom QJ League маусымының үздік ойыншысы атанғаны үшін берілген марапат болды.

Футболшы шетелдегі оқу-жаттығу жиынына грант иеленді. Бағдарлама лига ойыншыларын халықаралық деңгейде дамыту аясында Changan Kazakhstan компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Өткен маусымда 19 жастағы хавбек жоғары деңгейде өнер көрсетті: 19 матчта 19 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Турнир қорытындысы бойынша Глеб Макридов лигада алаңда өткізген уақыты бойынша — 4502 минут және нәтижелі әрекеттер саны бойынша — 39 көрсеткішпен рекорд орнатты.

Маусымаралық кезеңде футболшы «Шахтёрдің» негізгі құрамымен жаттығып, жолдастық кездесулерде екі голмен көзге түсті.

Мадридке сапар танысу сипатында өтеді: әңгіме келісімшартқа қол қою туралы емес, оқу-жаттығу қаралымы жайында болып отыр. Жас ойыншы үшін бұл — халықаралық деңгейде өзін көрсетуге және жаңа футбол ортасында тәжірибе жинауға мүмкіндік.

Клубта атап өткендей, жас ойыншыларға арналған қысқа мерзімді тағылымдамалар тәжірибесі қарағандылық футболды жүйелі дамыту жұмысының бір бөлігі саналады.

«Атлетико» Мадрид — 1903 жылы құрылған Испанияның ең титулды клубтарының бірі. Команда ел чемпионатын 11 рет, Испания кубогын 10 рет жеңіп алған. Халықаралық аренада клуб үш мәрте Еуропа лигасының және УЕФА Суперкубогының жеңімпазы атанып, сондай-ақ үш рет Чемпиондар лигасының финалына шыққан.