Қарағандыда Моцарттың жауһар туындылары шырқалады

Қарағандыда Моцарттың жауһар туындылары шырқалады

Қарағандыда ұлы композитор Вольфганг Амадей Моцарттың туғанына 270 жыл толуына арналған концерт өтеді. Классикалық музыка кешін Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрдің музыканттары дайындады.

«Моцарт — мәңгілік» атты концерт бағдарламасына композитордың әйгілі шығармалары енген. Кеш барысында көрермендерге «Кішкентай түнгі серенада», соль минордағы №25 симфония, №41 «Юпитер» симфониясының финалы, «Фигароның үйленуі» операсына жазылған увертюра, соль мажордағы флейта мен оркестрге арналған концерт, до мажордағы гобой мен оркестрге арналған концерт, сондай-ақ ля мажордағы скрипка мен оркестрге арналған №5 концерт ұсынылады.

Гобой партиясын оркестр солисі Огеми Хегай орындайды. Флейтада Наталья Катанцева, ал скрипкада Тинико Кублашвили жеке орындаушы ретінде өнер көрсетеді.

Дирижер — халықаралық байқаулардың лауреаты, композитор Әбілқайыр Сағымбаев.

Концерт 15 наурыз күні сағат 14:00-де цирк ғимаратында өтеді.