
Қарағандыда 14 наурыз күні облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Сауда таңғы сағат 09:00-де басталады.

Жәрмеңке Global City сауда-ойын-сауық орталығының аумағында (134-есептік квартал, 921-ғимарат) ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге облыстың жеті ауылдық ауданынан 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі, сондай-ақ өңір қалаларындағы қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Жәрмеңкеде облыс тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін, ет және сүт өнімдерін орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алуға болады.