Қазақстандағы әскери резерв: қызметке қалай қабылдануға болады

Қазақстандағы әскери резерв: қызметке қалай қабылдануға болады

Өткен жылдан бастап Қазақстанда мобилизациялық резервті дайындауға және мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған әскери резерв қызметі енгізілді. Жаңа формат азаматтарға негізгі жұмысынан қол үзбей әскери міндеттерін орындауға мүмкіндік береді.

Резервтегі қызметке қабылдау аумақтық қағидат бойынша жүзеге асырылады — резервшілер дайындықтан тұрақты тұрғылықты жері бойынша өтеді. Қызмет негізгі жұмысқа кедергі келтірмейтіндей етіп ұйымдастырылған: резервтегі азаматтар айына небәрі 3 күн оқу-жаттығу сабақтарына тартылады.

Ай сайынғы төлем мөлшері 85 000 теңгені құрайды. Қызмет өткеру кезеңінде азаматтар әскери киіммен, тамақпен (түскі аспен) және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

Кандидаттарға қойылатын талаптар

Әскери резерв қызметіне қабылдану үшін келесі талаптарға сай болу қажет:

- Қазақстан Республикасының азаматы болуы;

- мерзімді әскери қызметті өткеруі немесе әскери кафедрада оқуы, не Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында (ӘТМ — әскери-техникалық мектептерде) ақылы негізде әскери даярлықтан өтуі тиіс (бұл талап әйелдерге қолданылмайды);

- жасы 18-ден кем болмауы;

  • шекті жасқа жетпеуі: офицерлік құрам үшін — 57 жасқа дейін, сержанттық және қатардағы құрам үшін — 47 жасқа дейін.
  •  

Қызметке қалай қабылдануға болады

Әскери резервке қабылданғысы келетін азаматтар:

1. Тұрғылықты жері бойынша әскери комиссариатқа немесе келесі әскери бөлімдерге жүгінуі қажет:

- №77070 әскери бөлімі (Қарағанды қаласы);

- №31775 әскери бөлімі (Қарағанды қаласы);

- №85510 әскери бөлімі (Ақтас кенті).

2. Кадр бөлімі қызметкерлерімен байланысу:

- №77070 әскери бөлімі — 8-706-516-02-25;

- №31775 әскери бөлімі — 8-775-750-84-80 (байланыс тұлғасы — Толқын);

- №85510 әскери бөлімі — 8-707-827-23-39 (байланыс тұлғасы — Абылайхан).

3. QR-код арқылы сайтқа өтіп, 

резервтегі қызмет туралы қосымша ақпаратпен танысу: sign-army-officer.vercel.app.