
Келесі оқу жылынан бастап қазақстандық оқушылар әліппе бойынша қайта оқитын болады. Білім және ғылым министрлігінің арнайы жұмыс тобы оқулық бойынша жұмысты аяқтап, оқу бағдарламасын құрастырды.
«Әліппе» мен «Букварь» заманауи өмір шындығын көрсете отырып, мазмұны жағынан бірдей болады. Олардың негізінде әліппеге дейінгі, әліпбилік және әріптен кейінгі кезеңдер сақталған. Бірінші кезеңде балалар дыбыстар мен әріптердің анықтамасын үйренеді, содан кейін буындар мен сөздер құрастырады. Оқушылар алған білімдерін үшінші кезеңде «Ана тілі» және «Сауат ашу» оқулықтарының көмегімен бекіте алады.
- Бізде қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер бар. «Әліппе» мен «Букварь» - бірыңғай оқулықтар. Сондықтан жүргізілген жұмыс осы екі оқулықты үйлестіруге бағытталған. Бірінші кезекте мазмұны жағынан, - деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ брифингінде.
Алғашқы әліппелер қаңтар айында пайда болады. Оларды сынақтан өткізетін пилоттық мектептер анықталды. Қалған қазақстандық мектептерде «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы жаңартылған мазмұн бағдарламасын енгізе отырып, әліппелер оқулықтар тізімінен шығарылған болатын.