Қарағанды облысының болашағы балалардың көзқарасымен

Қарағанды облысының болашағы балалардың көзқарасымен

Жас қарағандылықтарға туған өлкенің болашағы туралы ой бөлісуді ұсынады. Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қарағанды облысының 90 жылдығына орай «Бала қиялында…» атты қалалық жазба жұмыстар байқауын жариялады.

Байқауға Қарағанды қаласындағы мектептердің төртінші сынып оқушылары шақырылады. Оқушылар облыстың болашағына қатысты өз көзқарасын әдеби шығарма түрінде ұсынуы тиіс. Жұмыстың жанрын қатысушылар өздері еркін таңдай алады.

Байқау қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Жұмыс көлемі үш беттен аспауы тиіс. Дайын мәтіндерді кітапхананың электрондық поштасына жіберу қажет: odb_abai@mail.ru. Байқауға қатысуға өтінімдер 20 наурызға дейін қабылданады. Ал конкурсқа ұсынылатын жұмыстар 1 сәуірге дейін қабылданады.

Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Үш жүлделі орын тағайындалады, сондай-ақ екі қосымша номинация қарастырылған. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау рәсімі 7 сәуірде өтеді.

Байқауға қатысқан барлық қатысушылар электрондық сертификаттармен марапатталады. Ең үздік жұмыстарды кітапхананың ресми интернет-ресурстарында жариялау жоспарланып отыр. Сонымен қатар авторлардың заңды өкілдерінің рұқсатымен кейбір мәтіндер республикалық балалар басылымдарында жариялау үшін жолдануы мүмкін.

Байқау қорытындысы бойынша кітапхананың ресми сайтында электрондық альманах — қатысушылардың барлық жұмыстары енгізілетін жинақ жарияланады.

Сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: (8-7212) 41-23-26, 41-23-25.