Қарағандыда Генрих Фогелерді еске алу кеші өтеді

Қарағандыда Генрих Фогелерді еске алу кеші өтеді

3 наурыз күні сағат 12:00-де Қарағанды облыстық Абай атындағы балалар кітапханасында суретші Генрих Фогелерге арналған «Естелік уақыттан да күшті» атты еске алу кеші өтеді.

Алғыс айту күніне орай кітапхана жыл сайын қаладағы этномәдени бірлестіктермен кездесулер ұйымдастырады. Биылғы жылы неміс «Wiedergeburt» орталығының өкілдерімен жүздесу жоспарланған.

Генрих Фогелер — неміс суретшісі әрі сәулетші, неміс модернизмінің (югенд-стиль) өкілі. Қуғын-сүргін жылдары ол Карлагқа жер аударылып, жазаға кесілген. Бостандыққа шыққаннан кейін Фогелер Қарағанды облысының Корнеевка кентінде өмір сүріп, шығармашылығын жалғастырды.

Бүгінде оның бірқатар туындылары Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының қорында сақтаулы. Еске алу кешіне орай суретшінің картиналары кітапханаға қойылады.

Генрих Фогелердің өмірі мен шығармашылығы, сондай-ақ Қарағанды өңіріндегі бейнелеу өнерінің қалыптасуындағы рөлі туралы КҚБ «Неміс орталығы Wiedergeburt» этномәдени жобаларының ұйымдастырушысы Анастасия Коваленко, қарағандылық суретші, «Фогелер» комиксінің авторы Сәкен Ысқақов және тарихшы-өлкетанушы Марат Ысқақов баяндап береді.

Кездесуге №78 мектептің оқушылары, сондай-ақ есту қабілеті бұзылған балалар мен ересектер қатысады.