Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрі 8 Наурыз мерекесіне орай концерт өткізеді

Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрі 8 Наурыз мерекесіне орай концерт өткізеді

Қарагандылық әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрі құттықтайды. Концертте қала музыканттарымен бірге Алматы қаласынан келген баритон Бердәулет Тұрсынбай өнер көрсетеді.

«Аяулым, арманымдай Асылым ең» атты мерекелік концерт бағдарламасына қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдеріндегі шығармалар енеді. Сахнадан көпшіліктің сүйікті туындылары орындалады: «Ана туралы жыр», «Аяулым, арманымдай Асылым ең», «Қыз сыны», Мюзеттаның ариясы, «Delilah» және «Istanbul’da aşık olmak».

Көрермендер алдында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов, халықаралық және республикалық конкурстар лауреаттары Дулат Аханов, сондай-ақ солисткалар Гүлмира Тапай мен Кристина Ракша өнер көрсетеді.

Дирижёрлік пультте — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев және мәдениет саласының үздігі Ерлан Бақтыгерей.

Концерт 4 наурызда сағат 18:30-да Қарағанды циркінің ғимаратында өтеді.