Қарағанды облысында 25 ақпанда электр дабыл жүйелері іске қосылып, хабарлау жүйесі тексеріледі

Қарағанды облысында 25 ақпанда электр дабыл жүйелері іске қосылып, хабарлау жүйесі тексеріледі

Қарағанды облысында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде «Баршаңыздың назарыңызға!» сигналы арқылы аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі.

25 ақпан күні сағат 11:00-де өңірдегі барлық қолданыстағы дыбыстық электр дабыл жүйелері іске қосылады. Бұл — жоспарлы тексеріс.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын сабыр сақтауға, дүрбелеңге берілмеуге және расталмаған ақпаратқа сенбеуге шақырады.