Қарағанды облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде

Қарағанды облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде

Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. 23 ақпанда өңір жолдарында қар құрсауында қалған бес автокөлік эвакуацияланып, 13 адам құтқарылды.

Алғашқы оқиға Бұқар жырау ауданында, Атамекен ауылынан 2 шақырым жерде тіркелді. Қар құрсауында қалған үш жеңіл автокөлікке жеткен құтқарушылар оларды жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарып, елді мекенге дейін алып жүрді. Көліктердің ішінде алты адам болған.

Сондай-ақ Осакаров ауданындағы Сарыөзек ауылынан 6 шақырым жерде қарға көміліп қалған автокөліктен бес адам құтқарылды. Олар Сарыөзек ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді.

Тағы бір көлік Абай ауданындағы Кұрма ауылынан 2 шақырым жерде қар құрсауында қалған. Құтқарушылар автокөлікті шығарып, тазартылған жолға бағыттады. Көлік ішінде екі адам болған.

Эвакуацияланғандардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.