Виолончельші Ернар Мыңтаев Қарағандыда Еркеғали Рахмадиев атындағы оркестрмен бірге өнер көрсетеді

Виолончельші Ернар Мыңтаев Қарағандыда Еркеғали Рахмадиев атындағы оркестрмен бірге өнер көрсетеді

28 ақпан күні сағат 17:00-де «Аманат» партиясының залында классикалық музыка кеші өтеді. Сахнаға Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің музыканттары шығады.

Кештің солисі — белгілі виолончельші Ернар Мыңтаев. Ол — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Швейцариядағы Базель музыка академиясының түлегі, Италия, Франция, Испания, Жапония және өзге де елдерде өткен халықаралық байқаулардың лауреаты. Сонымен қатар музыкант Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеттің көркемдік жетекшісі қызметін атқарады.

Концерт бағдарламасына әлемдік классика қорынан таңдалған жауһар туындылар енген. Көрермендер Пётр Ильич Чайковскийдің «Славянский марш» және виолончель мен оркестрге арналған ля мажордағы «Рококо тақырыбына вариациялар» шығармаларын, сондай-ақ Дмитрий Шостаковичтің №6 симфониясын және өзге де ұлы композиторлардың туындыларын тыңдай алады.