Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне жарнама мен маңдайшаларды қазақ тілінде сауатты рәсімдеуге тегін көмек көрсетіледі

Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне жарнама мен маңдайшаларды қазақ тілінде сауатты рәсімдеуге тегін көмек көрсетіледі

Қарағанды облысының кәсіпкерлері жарнама мәтіндері мен маңдайшаларды қазақ тілінде талапқа сай рәсімдеу бойынша тегін кеңес ала алады. Тілдерді дамыту басқармасына қарасты Ресурстық тіл орталығында тілдік мәселелер жөніндегі жедел желі жұмыс істейді.

Орталық мамандары баннерлердегі, маңдайшалардағы, стендтердегі және өзге де көрнекі ақпарат құралдарындағы мәтіндерді тексеріп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізуге көмектеседі. Сонымен қатар аударма сапасы, дұрыс жазылуы және қолданыстағы тілдік нормаларға сәйкестігі бойынша кәсіби кеңес беріледі.

Мәтіндердің сауатты әрі талапқа сай рәсімделгеніне көз жеткізу үшін 8-775-163-00-00 нөміріне хабарласуға болады.

Кеңес беру қызметі тегін негізде ұсынылады.