
Бұқар жырау ауданының Қушоқы кентінде жаңа модульдік қазандықтың құрылысы жүріп жатыр. Жоба 1971 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан ескі жылу көзін алмастыруды көздейді.

Құрылыс барысын аудан әкімі Ерлан Құсайын жұмыс сапары барысында тексерді.

Қазіргі уақытта ғимараттың металл конструкциялардан жасалған қаңқасы толық орнатылған. Әрқайсысының қуаты 4 МВт болатын бес қазандық монтаждалды. Сонымен қатар көмір беру және күл шығару жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Құрылысты алдағы айларда аяқтау жоспарланған. Одан кейін қазандықтың жұмысын тексеру үшін сынақ іске қосу кезеңі өтеді.
Жаңа нысанның іске қосылуы кенттегі жылумен қамту жүйесінің сенімділігін арттырып, жылыту маусымында тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.