
6–7 ақпанға қараған түні 2026 жылғы ХХV қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Ашылу рәсімінің тікелей трансляциясы «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі. Көрсетілім Қазақстан уақытымен 23:55-те басталады.

Олимпиаданың басты шоуы Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында ұйымдастырылады. Сондай-ақ Кортина-д’Ампеццо, Предаццо және Ливиньо тау-шаңғы курорттарынан көріністер ұсынылады. Ашылу салтанатында әлемге танымал әншілер Мэрайя Кэри, Андреа Бочелли және Лаура Паузини өнер көрсетеді деп жоспарланған.
Қысқы Олимпиада ойындары Италияда 6–22 ақпан аралығында өтеді. Қазақстанның ұлттық құрамасы спорттың 10 түрінен бақ сынайды. Ел намысын 36 спортшы — 18 ер және 18 әйел қорғайды. Айта кетейік, Қарағанды облысынан Теміртау қаласының биатлоншысы Владислав Киреев қатысады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті (olympic.kz) қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін жариялады. Барлық уақыт Астана уақытымен көрсетілген.
7 ақпан – шаңғы жарысы, скиатлон (әйелдер) — 17:00; конькимен жүгіру спорты, 3000 м (әйелдер) — 20:00.
8 ақпан – шаңғы жарысы, скиатлон (ерлер) — 17:00; биатлон, аралас эстафета — 20:00.
9 ақпан – конькимен жүгіру спорты, 1000 м (әйелдер) — 21:30; шаңғымен трамплиннен секіру, қалыпты трамплин (ерлер) — 23:00.
10 ақпан – шаңғы жарысы, спринт (ерлер мен әйелдер) — 13:15; шорт-трек (іріктеу: әйелдер — 500 м, ерлер — 1000 м), аралас эстафета (алдын ала кезең) — 14:30; фристайл-могул (алғашқы іріктеу): ерлер — 15:15, әйелдер — 18:15; биатлон, жеке жарыс (ерлер) — 17:30; мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (ерлер) — 22:30.
11 ақпан – шаңғы қоссайысы: қалыпты трамплин — 14:00, жарыс — 17:45; фристайл-могул (әйелдер), екінші іріктеу — 15:00; биатлон, жеке жарыс (әйелдер) — 18:15.
12 ақпан – фристайл-могул (ерлер): екінші іріктеу — 14:00, финал — 16:15; тау шаңғысы спорты, супергигант (әйелдер) — 15:30; шаңғы жарысы (әйелдер) — 17:00; конькимен жүгіру спорты, 5000 м (әйелдер) — 20:30.
13 ақпан – шорт-трек, ширек финалдар, жартылай финалдар және финалдар (әйелдер — 500 м, ерлер — 1000 м) — 00:15; шаңғы жарысы (ерлер) — 15:45; биатлон, спринт (ерлер) — 18:00; мәнерлеп сырғанау, еркін бағдарлама (ерлер) — 23:00.
14 ақпан – тау шаңғысы спорты, алып слалом (ерлер) — 14:00; фристайл-могул, параллель могул (әйелдер) — 14:30; шаңғы жарысы, эстафета (әйелдер) — 16:00; биатлон, спринт (әйелдер) — 18:45; конькимен жүгіру спорты, командалық қуу жарысы (¼ финал, әйелдер) — 20:00; конькимен жүгіру спорты, 500 м (ерлер) — 21:00; шаңғымен трамплиннен секіру, үлкен трамплин (ерлер) — 22:45.
15 ақпан – шорт-трек, 1000 м (әйелдер, іріктеу) — 01:00; тау шаңғысы спорты, алып слалом (әйелдер) — 14:00; фристайл-могул, параллель могул (ерлер) — 14:30; биатлон, қуу жарысы 12,5 км (ерлер) — 15:15; конькимен жүгіру спорты, 500 м (әйелдер) — 21:03.
16 ақпан – тау шаңғысы спорты, слалом (ерлер) — 14:00; шорт-трек (әйелдер — 500 м, ерлер — 1000 м) — 15:00; шаңғымен трамплиннен секіру, командалық жарыстар — 23:00.
17 ақпан – шаңғы қоссайысы, үлкен трамплин — 14:00; фристайл-акробатика (іріктеу): әйелдер — 14:45, ерлер — 17:30; шаңғы қоссайысы, жарыс — 17:45; конькимен жүгіру спорты, командалық қуу жарысы (әйелдер, жартылай финалдар мен финалдар) — 18:52; мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (әйелдер) — 22:45.
18 ақпан – шаңғы жарысы, командалық спринт — 13:45; тау шаңғысы спорты, слалом (әйелдер) — 14:00.
19 ақпан – мәнерлеп сырғанау, еркін бағдарлама (әйелдер) — 23:00.
20 ақпан – конькимен жүгіру спорты, 1500 м (әйелдер) — 20:30.
21 ақпан – шорт-трек, 1500 м (¼ финал, ½ финал және финалдар, әйелдер) — 00:15; фристайл-акробатика, аралас командалар — 14:45; шаңғы жарысы, масс-старт (ерлер) — 15:00; конькимен жүгіру спорты, масс-старт (әйелдер) — 19:50.
22 ақпан – шаңғы жарысы, масс-старт (әйелдер) — 14:00.
Фото: Сали Сабыров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі