«Террикон алқабынан» тегін курс: оқу мен жұмысқа қажетті цифрлық дағдылар мен жасанды интеллект құралдары

«Террикон алқабынан» тегін курс: оқу мен жұмысқа қажетті цифрлық дағдылар мен жасанды интеллект құралдары

10 ақпанда «Террикон алқабы» алаңында базалық цифрлық дағдыларды дамытуға және жасанды интеллекттің заманауи құралдарын меңгеруге бағытталған тегін оқу курсы басталады. 30 сағаттық бағдарлама аясында қатысушылар оқу үдерісінде, кәсіби қызметте және цифрлық сервистермен күнделікті жұмыс барысында қажет болатын тәжірибелік білім алады.

Курс спикері — Қарағанды университеті тұрақты даму ғылыми-зерттеу орталығының бас сарапшысы Лейла Никкель.

Оқу бағдарламасы Word, Excel және PowerPoint бағдарламаларымен сенімді жұмыс істеуді, мәтіндер, кестелер мен презентациялар әзірлеуде жасанды интеллект құралдарын қолдануды, ақпаратты тиімді іздеу және верификациялау тәсілдерін меңгеруді, цифрлық гигиена мен киберқауіпсіздік талаптарын сақтауды, сондай-ақ жеке цифрлық кеңістікті жүйелеуді қамтиды.

Оқыту практикалық сабақтар форматында өтеді, шағын кейстер талданып, қорытынды жобалар қорғалады. Курс студенттерге, түрлі сала мамандарына және заманауи цифрлық технологияларды игеруге мүдделі барлық азаматтарға арналған.

Сабақтар 10–27 ақпан аралығында Ақтас кентінде, Кржижановский көшесі, 16а мекенжайында орналасқан №2 кітапханада өтеді. Қатысу офлайн және онлайн форматтарда қарастырылған. Тіркелу terricon.kz «Террикон алқабы» сайты арқылы жүзеге асырылады.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.