
Қарағанды 10 ақпанда туған күнін атап өтеді — дәл осы күні, 1934 жылы, ол қала мәртебесіне ие болған. Қала күніне орай Кеншілер мәдениет сарайында мерекелік концерт өтеді.
Айтулы мерекеге орай Кеншілер мәдениет сарайында салтанатты концерт өтеді.
Сахнада Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртістері мен Қарағандының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Көрермендерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Карина Абдуллина және «Ван Гог» ретро-винтажды вокалды-аспаптық ансамблі жанды дауыстағы орындауларымен қуантады.
Концерттің басталуы: 17:00. Кіру тегін.