Балқаштан Астанаға ұшақпен қатынауға мүмкіндік туады

Балқаштан Астанаға ұшақпен қатынауға мүмкіндік туады

Биылғы жылдың маусым–тамыз айлары аралығында Астана – Балқаш – Астана бағыты бойынша күн сайын әуе рейсі іске қосылады. Ұшуларды QAZAQ Air әуе компаниясы орындайды.

Рейстерге сыйымдылығы 78–86 жолаушыға арналған Bombardier Q-400 әуе кемелері тартылады. Билет құны бір бағытқа 16 000 теңгені құрайды. Ұшу кестесі қосымша хабарланатын болады.

Сонымен қатар қазіргі уақытта Алматы – Балқаш – Алматы бағыты бойынша рейстерді орындауға авиакомпанияны айқындау үшін конкурс өткізіліп жатыр.

Әуе қатынасын ұйымдастырушы — Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі.