
Қарағанды облысында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегерлері мен олардың жетекшілері марапатталды.

Оларға ақшалай сертификаттар табысталды.

Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін құттықтап, сөз сөйлеген Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей өз еліне қызмет ету мен отандық білімді дамыту маңыздылығын ерекше атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстанда халықаралық деңгейдегі университеттер табысты жұмыс істеп, сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, ол шетелдік тәжірибе мен білімді туған елге пайдасын тигізе қолданудың маңыздылығына назар аударды.
Балалардың ата-аналары да алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетейік, XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 10–15 қаңтар аралығында Алматыда өткен және әлемнің 16 елінен келген 612 үздік оқушыны жинаған. Қарағанды облысын интеллектуалды жарыстарда жеті дарынды оқушы таныстырды, олардың үшеуі қола жүлдегер атанды.