Делдалсыз фермерлік өнімдер: Қарағандыда әлеуметтік павильондар желісі дамып келеді

Делдалсыз фермерлік өнімдер: Қарағандыда әлеуметтік павильондар желісі дамып келеді

Қарағандыда әлеуметтік павильондар желісін дамыту жұмысы жалғасуда. Енді Майқұдықтағы 14-шағынаудан тұрғындары фермерлік өнімдерді тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден сатып ала алады. Мұнда қаланың үшінші әлеуметтік павильоны ашылды. Бастама бағаны тұрақтандыруға және фермерлерді қолдауға бағытталған.

Жаңа павильонға Бұқар жырау ауданындағы шаруалар өз өнімдерін жеткізуде. Сонымен қатар облыстық тұрақтандыру қорының тауарлары да сатылымға қойылған. 

Ассортиментте сиыр еті, құс еті, сүт өнімдері, тауық жұмыртқасы, көкөністер мен жеміс-жидек, сондай-ақ бакалея өнімдері бар. Делдалдардың болмауына байланысты бағалар нарықтағыдан төмен.

Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сауда нүктесі тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие. Бір күннің өзінде мұнда бір тоннадан астам ет пен шамамен бір жарым мың дана жұмыртқа сатылған.

Қаладағы әлеуметтік фермерлік павильондар келесі мекенжайларда орналасқан:

Сатыбалдин көшесі, 11/10;

Бауыржан Момышұлы көшесі, 26/3;

14-шағынаудан, 8/2 ғимарат («Раушан» СОО).

Павильондар күн сайын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жақын уақытта Майқұдықта тағы бір әлеуметтік павильон ашу жоспарланып отыр.